Абай облысында орман өрті өршіп барады
Сурет: Zakon.kz
Абай облысында орман өрті күш алып барады. Төтенше жағдайлар министрі жалынды сөндіруге жұмылдырылған адам саны мен техниканы көбейтуді тапсырды.
Тілсіз жау 2000 гектардан астам жерге жайылған.
Үш ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 167 адам, 47 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жедел штабтар құрылып, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан қосымша күш жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript