Канададағы орман өрті: 4,4 млн га жер күлге айналды

Әлемнің бірнеше елінде алапат өрт болып жатыр. Канададағы орман өрті басылар емес, деп жазады Zakon.kz.
4,4 млн гектар аумақ күлге айналған. Британиялық Колумбия провинциясында 2400-ге тарта өрт ошағы тіркелді.
Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жалынды сөндіруге ыстық ауа-райы мен күшті жел кедергі келтіріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Тілсіз жаумен күреске Австралия, Португалия, Испания мен Жаңа Зеландия мемлекеттері көмекке келіп, құтқарушыларын жіберді. Осы алапат өрттен тараған түтін АҚШ-тың бірнеше қаласына жетіп, ондағы ауа сапасы нашарлаған.
Адам денсаулығына зиянды бөлшектер көбейді. Осыған байланысты тұрғындарға үйде отыру қажеттігі ескертілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript