Жаңадан тағайындалған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Абай облысына ұшып кетті
Сурет: Facebook/dinara.zakiyeva
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Динара Зәкиева Абай облысына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушілердің балаларымен және эвакуацияланған балалармен кездеседі.
"Әрбір бала ата-анасының бүгінгі жағдайына қарамастан бақытты болуға лайықты. Менің жұмыстағы басты ұстанымым осы", – деді Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Динара Зәкиева.
8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" резерваты аумағында орман өртенді. Салдарынан 14 адам қаза тапты. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ол Facebook парақшасында жаңа лауазымы жөнінде пікір білдірді.
"Қасым-Жомарт Кемелұлының маған артқан сенімі үлкен жауапкершілік деп білемін. Бұл – балалық шақты қорғау, отбасыларды қолдау саласындағы жағдайды жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Бұған бар күш-жігерімді саламын", – деді ол.
Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берген.
Ол қазір сұрақтар мен ұсыныстар көптеп түсіп жатқанын, ұсыныстардың барлығын да қарастыруға уәде берді.
"Әрдайым ашықпын. Осы жерге жеке телефон номерімді қалдырамын. (тел: 8 705 884 70 40) Өтініш, хабарламаны жазба түрінде тек уатсапқа қалдырсаңыздар. Міндетті түрде жауап беремін".Динара Зәкиева
Динара Зәкиева міндетті түрде жауап беретінің айтты.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript