Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға бірқатар тапсырма берді

Бала құқығы, Бала құқығын қорғау жөніндегі өкіл, ҚР Президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 12:52 Сурет: akorda.kz
1-маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атқарған қызметі туралы есеп берілді.

"Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударды", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет.

Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар міндет жүктеді.

Атап айтқанда:

  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту;
  • балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру;
  • буллингке қарсы күресу;
  • балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу;
  • арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау;
  • жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аудару.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында Инновациялық шығармашылық орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: