Тоқаев Аружан Саинды ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты

Аружан Саин қызметінен босады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 10:58 Сурет: Facebook/aruzhan.sain
12 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми сайтында.

Саин Аружан 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада туған.


Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

  • Хабар арнасында күн сайын шығатын "Разминка" бағдарламасының жүргізушісі (1993 жылдан бастап);
  • "Быстро и Вкусно", сосын "Звездное меню" кулинарлық бағдарламасының тележүргізушісі (1994-1999);
  • "Еркемай" балалар бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000);
  • Ел Арна телеарнасындағы "Мамина школа" танымдық бағдарламасының жүргізушісі (2006);
  • "Спокойствие, только спокойствие" ток-шоуының тележүргізушісі (2010);
  • "Подари детям Жизнь" бағдарламасының жүргізушісі (2011 ж. бастап)

Аружан Саин бұл қызметке 2019 жылғы 19 шілдеде тағайындалған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: