Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды

Репрессия, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 21:39 Сурет: pixabay
Алматы облысы Жаңалық ауылында 1 жарым метр тереңдіктен табылған адам сүйектердің барлығы репрессия жылдарында жазықсыз оққа ұшқандарға тиесілі. Аумақта тек адам сүйегі ғана емес, ату жазасына кесілгендердің жеке құралдары да анықталып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv мәліметінше, бұл "тарихи материалдар" биыл бірінші рет қана мемлекеттік жоба аясында зерттеліп отыр. Ал археологтар 14 күннің ішінде 15 шақты адамның денесі шыққан ауылда әлі де 4 мыңнан аса мүрде жатуы мүмкін екенін айтады.

Жер астынан табылған "Сталин жолы" газеті 1934-54 жылдары шыққан. Қаріп танып, газет оқығанына қарап, тарихшылар бұл маңда білімдар адамдардың атылуы мүмкін дейді. Басқа деректер де осы болжамға әкеліп тіреп тұр.

"Криминалистік, соттық антропологиялық талдау секілді ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады. Ал үшінші кезеңде осы табылған сүйек қалдықтарына ДНК анализ жасауға Алматыдағы генетика институты мен Вильнюс қаласындағы генетика институты атсалысады", – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.

Табылған материалдардың ішінде әйел адамға тиесілі заттар да бар. Ал денелердің көбі 1 жарым метрден-ақ жер бетіне шығып жатқан көрінеді. Соған қарағанда адамдарды арулап жерлемеген, тек атқан соң, көме салған деген болжам бар.

Мұндай толыққанды зерттеуге сүйенген қазба жұмысының Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқанын айтуымыз керек. Бұған дейін репрессия құрбандары тақырыбындағы сараптамалық-археологиялық жұмыс, тіпті ТМД елдерінде де ресми атқарылмаған. Ал, Есік қорық-мұражайы мен тарихшы-ғалымдар бірлескен жобаны елдің Мәдениет министрлігі қолдапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: