Талғар ауданында баланы қағып, мерт қылған жүргізушінің жеке басы анықталды
Сурет: pixabay
Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып, мерт қылған адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғар әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші - қолында елімізде тұруға ықтиярхаты бар 24 жастағы қырғыз елінің азаматы.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45-те Жетіген-Алматы тас жолының бойында Жаңалық ауылында орын алды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 10 жасар баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript