Алматыда автобус әйел адамды қағып, мерт етті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы жол апаты 12 тамызда Бостандық ауданында Мұстафин көшесінде орын алды.
Полиция оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады.
Алған ауыр жарақаттары салдарынан 30 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Алматыға қала сыртынан күн сайын 800 мың адам қатынайтынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript