Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы АЧ: Аянат Жұмағали алтын медаль иеленді

Ауыр атлетика, жасөспірімдер арасындағы АЧ, Аянат Жұмағали, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 17:55 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді - 224 (101+123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді - 223 (100+123) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді.

Бұған дейін әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-нда қазақстандық спортшы қола медаль иеленгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: