Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 17:33 Сурет: olympic.kz
Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: