Кира Данилова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Кира Данилова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 17:02 Сурет: olympic.kz
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.

Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды — оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: