Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 20:46 Сурет: olympic.kz
Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста Нұрсила Берікбол үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 177 (79+98) келі салмақты бағындырды.

Ал алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Даен Ли жеңіп алды — 196 (88+108) келі. Екінші орынға Өзбекстан өкілі Сарвиноз Купайсинова орналасты — 187 (87+100) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ксения Прозорова мен Әлихан Әскербай өз жас санаттарында чемпион атанған еді. Сонымен қатар Ксения U20 турнирінде күміс, ал Әлихан осы санатта қола медаль еншілеген болатын.

17 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста Ернұр Мырзахмет те үшінші орынға көтерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: