Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 23:12 Сурет: olympic.kz
Қазіргі уақытта Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 шілдеде қазақстандық Ксения Прозорова екі медальға ие болды. Спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 

Қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 194 (89+105) келіні еңсерді. Сондай-ақ, ол жұлқа көтеруде Азия рекордын жаңарты.

Осы нәтижемен Ксения жастар арасындағы чемпионатта екінші орын алды.

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U17)

1. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)

2. Цюи Жао (Қытай) – 187 (86+101)

3. Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 182 (80+102)

Жастар арасындағы Азия чемпионаты (U20)

1. Гуан-Лин Чень (Тайбэй) – 209 (93+116)

2. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)

3. Тхи Сен Ха (Вьетнам) – 193 (87+106)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: