Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 18 жастағы жігіт мүгедек адамды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 23:50 Сурет: видео скрині
Алматы облысында 18 жастағы бозбала 40-қа таяған еркекті пышақтап өлтірген. Марқұмның туыстары оны ақшаға бола өлтіргенін айтып отыр. Өйткені Нұрсұлтан Нүсіпхан ұлының сүндет тойына қаражат жинап жүрген екен. Енді артында бес бірдей баласы әкесіз қалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мал бағуға кетіп оралмаған 39 жастағы Нұрсұлтан Нүсіпханның жүрек тұсына екі рет пышақ сұғылған. Марқұмның туыстары айдың-күннің аманында Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылының бұзақысының қолынан қаза болды дейді. Олардың айтуынша, ол осы уақытқа дейін ақша бопсалап, тыныштық бермей келген. Ал қайғылы оқиға болған күні, яғни 11 маусымда Нұрсұлтанның шотында қомақты қаражат жатқанын байқап қойыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Банктың қосымшасындағы ақшасын алып кетіпті. Балама той жасаймын, пұл жиып жүрмін деген еді. Ана балалар біресе қарыз, біресе тағы бірдеңе сұрайды екен. Бірге жүрген балалар ғой деп, ештеңе ойламадық. Сөйтіп жүрсек, ақшасы жоқ, телефоны жоқ болып, өлігі табылды". Марқұмның анасы Жақыпбек Күлияқызы

Күдікті 2004 жылғы бозбала. Ал марқұм туғаннан екінші топ мүгедегі, бір аяғы мен қолы істемейді. Ел-жұрттың малын бағып, отбасын асырап отырған. Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды. 

"Оның бауырлары, ауылдың халқы біледі, кімнің кім екенін, солар айтты, ҰҚК, прокурор дей ме, сондай екен. Бұл жерде кімнің құқығы тапталып жатыр? Қылмыскердің құқығы ма? Жоқ, әлде мына шиеттей қалған жетімдердің құқығы ма? Әкем қайда десе, қайдан тауып беремін?"   Ағасы Бекмұрат Нүсіпхан

Қазір күдікті қамауда отыр. Адам өлтіру бабымен іс қозғалған. 

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестірілу іс-шарасы барысында ізін суытпай, 2004 жылғы күдіктіні анықтап ұстады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин

Бүгін Нұрсұлтанның жаназасы өтті. Туыстары тергеудің әділ жүріп, болмашы ақшаға бола бес баланы жартылай жетім қалдырған күдіктінің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: