Ақтөбе облысында 73 жастағы анасын өлтірді деген күдікке қызы ілінді

Полиция, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, әйел, қайғылы оқиға, күдікті, қызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 19:24 Сурет: Zakon.kz
14 қарашада таңертең Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында полиция қызметкерлері 73 жастағы әйелдің денесін тапты. Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, марқұмның өліміне ішкі ағзалардағы жарақаттары себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының мәліметінше, қаза тапқан адамның 48 жастағы қызы қылмыс жасады деп күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол ұсталған. Алкогольді бірге тұтыну кезінде туыстар арасында жанжал туындағаны айтылады.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. ҚР ҚК-нің 106-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Бұдан бұрын Көкшетауда некесін қиған күні жас жігіттің ойын-сауық орындарының бірінде өлтірілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: