Оралдық полицей бағдаршамы істен шыққан көшеде жүргізушілерге газетпен жол көрсеткен
Сурет: видео скрині
Қазнетте қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар берген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан. Сағат 16:15 шамасында Әбілқайырхан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің қозғалысы қиындаған.
Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасаған. Ол еңбек демалысында болған.
Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript