Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың өліміне қатысы бар күдікті қамалды

Ақтөбе суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 01:27 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде 7-қабаттан құлап өлген қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынды. Ол зорлық жасады және өлімге итермелеу бабымен айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына  қамалды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жарияланбайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" және 120-бабы "Зорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелді". Ақтөбе полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Масақбаев

19 жастағы қыздың кісі қолынан өлгенін кеше туыстары айтқан. Өйткені қыз құлаған пәтерде қан іздері бар.

Ал марқұмның үстінде футболкадан басқа киім болмапты. Қайғылы оқиға болар күні қыз жақын досымен бірге болыпты. Сол танысы зорлап, артынша қылмысын жасыру мақсатында балконнан лақтырып жіберуі мүмкін дейді отбасы.

Қазір полицейлер күдіктіні тергеп, қыздың 7-қабаттан секіріп кетуіне не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: