Жаңалықтар тізбегі
0

Төрт қалада ауа жоғары деңгейде ластанғаны анықталды

Төрт қалада ауа жоғары деңгейде ластанғаны анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 10:24 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 16 маусымда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 16 маусым, жұма күні Астана, Алматы, Атырау және Шымкентте ауада ластаушы заттардың мөлшері артады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Осы кезеңде сарапшылар мына әрекеттерді ұсынады:

  • далада, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластаушы көздің жанында өткізетін уақытты қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуеннен аулақ болу керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде өзімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
  • даладағы физикалық белсенділікті шектеу қажет;
  • дене шынықтыру және спортпен жабық кешендерде айналысу керек.

Синоптиктер 16 маусымда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту болатынын хабарлады. Елдің әр түкпірінде бұршақ жауып, бұрқасын соғып, ауа райы ыстық болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: