Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасына байланысты ескерту жасалды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2026 10:41 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 маусымда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 6 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Өскемен, Риддер және Семей қалаларында болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және ауа температурасының инверсиясы жатады.

Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмау, әсіресе автокөлік жолдары мен өзге де ластаушы көздердің маңында жүрмеу ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: