Кентауда жас қыздар төбелесіп, бірі ауруханаға түсті
Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелетке толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызына үй ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға маусымның 15-інен 16-сына қараған түні болған. Полицияға жас қыздың дене жарақатымен ауруханаға түскенін дәрігерлер хабарлаған. Бұл деректі Кентау полиция басқармасы тіркеп, тиісті сараптамаларды тағайындаған.
Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жәбірленуші қыздың орталық аураханаға жабық бас ми жарақаты диагнозымен түскенін хабарлады.
Қазіргі таңда ол травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript