Жаңалықтар тізбегі
0

Кентауда екі жасар бала құдыққа құлап кетті

екі жасар бала құдыққа құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 10:59 Сурет: pixabay
Түркістан облысы Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында. Оқиға 30 сәуірде кешкі сағат 19:47 шамасында орын алған, деп жазады almaty.tv.

Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шықты, - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: