Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи парк өртеніп жатыр
Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының (Усть-Язовское орман шаруашылығы) шалғай таулы аймақтағы аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп жатыр.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге орманшылардың жеке құрамынан 123 адам, Өртті сөндіруге "Қаз-авиа-орманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Барлығы 111 адам, 3 бірлік техника және 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Жетуі қиын таулы жер болғандықтан өрт сөндірушілер тікұшақпен жеткізілді.
"Жер рельефіне жету қиын. Тікұшақтар 10 рет су ағызды. Белсенді жиегі жоқ. Сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлек түтін орындары бар. Өрттің таралуына жол берілмеді". ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жүр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript