Басқыншымен келіссөзді Ішкі істер министрі жүргізген

Министр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2023 17:05 Сурет: видео скрині
Kaspi bank ғимаратында күштік операция аяқталды, барлық кепілге алынғандар босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кепілге алынғандар полиция басып кіргеннен кейін босатылды. Барлық қызметкер шығарылды. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ". Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарған.

Министр Марат Ахметжанов күштік операциядан кейін журналистерге берген сұхбатында бәрінің аман-сау екенін, зардап шекпегенін айтты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: