Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 180 елдімекенде мәдениет үйі жоқ

Өңірлерде мәдениет үйі тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 09:29 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 180 елдімекенде мәдениет үйі жоқ. Ал, 160 ауылда халық саны аз болғандықтан клуб мүлде салынбайды.

Түркістанда өткен құрылтайда ауыл-аймақтарда рухнияттың мәйегі болған мәдениет үйлерін көбейту қажеттігі айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл Үлгілі ауылы. Елдімекендегі жалғыз мәдениет ошағы тәртіп сақшысы отыратын кеңсе секілді. Өйткені есігін учаскелік полицей ашып-жауып жүр. Ішінде өзінен басқа жан баласы жоқ. Клубқа жапсарлас салынған жалғыз кітапхананы да көрмек болдық.

Мәдени ошақтардан мән іздеп, Бұрыл ауылына да бұрылдық. Мұндағы клубта ән әуелеп, күй күмбірлеп тұр. Бірақ 15 мың халқы бар ауылда балалар үшін артық бөлме табылмапты. Сондықтан ұстаздары домбыра үйірмесін дәлізде өткізуге мәжбүр. Ал сахнада саз сабағы өтеді.

Осы балаларға арнайы домбыра үйірмесіне бөлме болғанын қалаймыз. Өйткені балаларды көріп отырсыздар залда дайындаламыз. Күлпан Баймаханбетова, домбыра үйірмесінің жетекшісі

Бұрылдағы кітапхана есігі де жабық тұр. Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы қызметкерлері жиналыста жүргенін айтты. Жалпы Жамбылда 377 елді мекеннің 197-інде ғана мәдениет үйі бар. Алдағы 4 жылда тек 34 нысан салынбақ.

Биылғы жылдың өзінде 14-інің құрылысы басталды. Жыл аяғына дейін 9-ның құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Бұл 197-ден өседі деген сөз. Асхат Тәжаяқов, облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы

Ал облыс әкімдігі 160 елді мекенде мәдени нысандар салынбайды деп ашып айтты. Өйткені салалық министрліктің бұйрығы бойынша халық саны мыңға жетпейтін елді мекендерге руханият ордасын салудың мәні жоқ көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: