Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды

Әлихан Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 22:07 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: