Смайылов ресми сапармен Грузияға барды

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 23:08 Сурет: primeminister.kz
Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия премьер-министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды.

Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді.

Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: