Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматыдан әкелген": Павлодарда тағы қызылша анықталды

Павлодар, қызылша, Алматы, вакцина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 13:55 Сурет: pixabay
Павлодар облысында екі бала қызылша жұқтырды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тексеру олар қызылшаны Алматыда жұқтырғанын көрсетті. Балалар Алматыдан Қарағандыға барған, ол жақта аурудың айқын белгілері көріне бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдай бұған дейін де болған, ол кезде Павлодардың бір баласы Алматыдан қызылша жұқтырып келген.

Осыған орай дәрігерлер ата-аналардың екпеге деген көзқарасына алаңдай бастады. Өңірде балалардың 95 пайызы екпе салдырғанымен, одан бас тартатындар саны артқан.

"Жағдай қиындап тұр, бұған екпеден бас тартату, оның ішінде қызылшаға қарсы екпеден бас тартатындар санының артуы себеп боп отыр", – деді департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Гүлмира Құлмағамбетова Zakon.kz тілшісіне.

Жыл басынан бері 1 мен 17 жас аралығындағы 760 бала мен жасөспірім қызылшаға қарсы екпеден бас тартса, кейінірек 184 балаға ата-анасы екпе салуға келісімін берген.

"Бүгін қызылша жұқтыруы мүмкін деген бір бала бар, Павлодардың тағы екі баласы Қарағандыда ауырып қалды. Мұның бәрі бізді алаңдатады, өйткені ол одан әрі таралуы мүмкін. Қызылша ең жұқпалы аурулардың бірі болғандықтан, оның деңгейі шешек ауруына жақындап қалды", – дейді Гүлмира Құлмағамбетова.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 5 айда 5088 адам қызылшаға қарсы екпе салдырса, 6396 адамға ревакцинация жасалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: