Қалибек Қуанышбаев театрына ұлттық мәртебе беріледі
Сурет: akorda
Астанадағы Қалибек Қуанышбаев театрына ұлттық мәртебе беріледі, Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 маусымда Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдағы "Жошы хан" спектаклінен кейін ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Ол сонымен бірге өнер ордасына ұлттық мәртебе берілетінін айтты.
Тиісті Жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады. Бұл жаңалықты театр ұжымы зор қуанышпен қабылдады.
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанған "Жошы хан" спектаклінің премьерасын көрермендермен бірге тамашалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript