Астанадағы ірі өрт сөндірілді

Астанада Талдыкөл көлі аймағындағы ірі өрт жойылды. Бұл туралы 26 маусымда Zakon.kz тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 26 маусымда сағат 11:22-де Талдыкөл көлі маңындағы тұзды аймақтағы қамыс пен құрғақ шөптің өртенуі елордалық өрт сөндірушілермен 80 гектар аумақта жойылды.
Астанада 19 маусым күні сағат 9:12-де Қорғалжын тас жолы мен Қосшаға қарай айналма жолдың арасында қураған ағаш өртенді. Кейін өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің екі Ми-17 тікұшағы әкелініп, өрт сөндіру штабы құрылды. Кейін белгілі болғандай, алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақ 80 гектарды құраған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен Ақмола және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен қосымша күштер мен құралдар тобы келді. Сағат 21:09-да өрт оқшауланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript