Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады деп болжанады
Астанада солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. 28 маусымда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Алматыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні - 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыс орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада өрт қаупі жоғары.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.Петропавлда найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Семейде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде солтүстікте, шығыста, күндіз өңірдің басым бөлігінде бұршақ жауып, қатты жел тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түмеді деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с.