Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман болады деп болжанады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 19:15 Сурет: pixabay
16 қарашада Шымкентте және Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 16 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, қар ұшқындайды деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан секундына 25 метрге дейін жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысында да қар ұшқындап, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі.

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

16 қарашада таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы ауданы мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі деп күтіледі.

Шымкентте 16 қарашада таңертең және түстен кейін қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, екпінді жел тұрады деп күтіледі.

16 қарашада түнде Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде, күндіз өңірдің оңтүстігінде боран соғып, қар ұшқындайды деп болжанады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: