Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда шілде айы қалай басталады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2023 12:10 Сурет: pexels
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелер бойынша анықталады, соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

"1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – деді синоптиктер.

Синоптиктер күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп болжады:

  • солтүстікте +25+30° ыстыққа дейін;
  • орталықта +30+35° ыстыққа дейін;
  • оңтүстікте +33+38° ыстыққа дейін;
  • оңтүстік-шығыста +28+33° ыстыққа дейін;
  • республиканың шығысында +17+25°C-қа дейін.

Болжам бойынша, республиканың батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ауа күндіз +25+30°-қа дейін жылиды, оңтүстік-батыста +33+38° ыстық болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: