Жаңалықтар тізбегі
0

Канададағы орман өрттерінің түтіні АҚШ қалаларын басып жатыр

Канададағы орман өрттерінің түтіні АҚШ қалаларын басып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 13:37 Сурет: Zakon.kz
Канадада лапылдап жанып жатқан ормандардың түтіні Америка Құрама Штаттарының қалаларын басып жатыр.

Осыған байланысты АҚШ-тың орталық, батыс және шығыс аймақтарында миллиондаған адамға сырттағы белсенділікті шектеуге кеңес берілді.

Көрші елден жеткен түтін Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания, Солтүстік Каролина штаттары мен Вашингтон Колумбия округінде байқалған. Демек қазір 100 миллиондай адамның денсаулығына қауіп төніп тұр.

Канадада 8 миллион гектар орман алқабы күлге айналды. Және де мұнда өрт ошақтарының саны 477-ге жетіп, олардың жартысы әлі бақылауға алынбаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: