Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті

Алматы облысының Дін істері басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 14:40 Сурет: Алматы облысының Дін істері басқармасы
Ағымдағы жылдың 27 маусым күні, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен облыс аумағындағы діни ахуал туралы сөз болып, облыстың рухани дамуы жөнінде пікір алмасты.

Облыс әкімі өз сөзінде – біздің облысымыз тарихи тұрғыдан түрлі мәдениеттер мен діндердің тоғысқан жері екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Алматы облысында 105 этнос өкілдері тұрады. 11 конфессияны білдіретін 408 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақстанның Православие шіркеуі қоғамдық өмірдің адамгершілік негіздерін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның басқа дәстүрлі діндер мен діндердің өкілдерімен тығыз ынтымақтастығы өзара көмек пен тату көршілік атмосферасын құруға ықпал ететіндігін жеткізді.

Өз кезегінде Митрополит Александр жаңа облыстың және орталығы Қонаев қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына сәттілік тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: