Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар Ұлттық домбыра күнін қалай тойлайтыны белгілі болды

Алматыда ұлттық домбра күні тойланады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 09:16 Сурет: akorda.kz
Алматыда 2 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Аңыз Домбыра» мерекелік концерті өтеді.

Мерекелік концерт сахнасында Мейрамбек Беспаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, "Алашұлы" тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, "Ұлытау" тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, "Made in KZ" және т. б. өнер көрсетеді.

Мерекелік концертке танымал күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің танымал халық әндері мен шығармаларын орындайды. Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.

Айта кетерлігі, ұлттық аспаптың құрметіне арналған мереке Қазақстанда жыл сайын 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ұлттық домбыра күнін мерекелеу қаланың басқа аудандарында да өтеді:

  1. Әуезов ауданында "Ұлттық домбыра күні" мерекелік флешмобы 2 шілде күні сағат 09:00-де Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайы бойынша аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.
  2. Алатау ауданында "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!" мерекелік концерті Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде күні сағат 11:00-де Нұркент 5/11 шағын ауданындағы дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталықта өтеді.
  3. Жетісу ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған "Алтын домбыра – Жетісу әуені" жанбасына қаржыландыру аясында балалар арасындағы байқау 2 шілде күні сағат 12:00-де Серіков көшесі, 2 мекенжайындағы "Гүлдер" саябағында өтеді.
  4. Медеу ауданында 30 домбырашы мен Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен шағын флешмоб 1 шілдеде сағат 10: 00-де, Зенков көшесі жағынан 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді
  5. Наурызбай ауданында "Домбыра party" мерекелік концерті 30 маусым күні сағат 19:00-де Шұғыла, 347-дегі аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.
  6. Түрксіб ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб 1 шілдеде сағат 10:00-де, Сейфуллин даңғылы 13/1 бойындағы №6 оқушылар үйінің алдындағы алаңда өтеді.

Сонымен қатар, Алмалы және Бостандық аудандарында Ұлттық домбыра күніне арналған домбырашылар флешмобы өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: