Ақмола полицейлері 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды қолды еткен бикешті анықтады

29 маусым күні Атбасар ауданының полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан 28 сәуір мен 29 маусым аралығында белгісіз тұлғалардың оның пәтерінен 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті.
Осы өтінішке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Қылмыс орнына келген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің алтыннан жасалған 26 бұйыммен қоса 200 АҚШ долларын ұрлағанын анықтады.
Әрі қарай тергеп-тексеру жүргізу барысында алтын ұрланған мекенжайға үй иелерінен басқа бөгде адамның да еркін кіре алатыны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары барлық жергілікті ломбардтар мен айырбастау пункттерін тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 35 жастағы бикешті анықтады.
Заттай дәлелдемелер жартылай тәркіленді. Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және құнды заттарды қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript