Шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталды
Сурет: Zakon.kz
3 шілдеде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек 1 шілдеден бастап шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің ресми өкілінің сөзінше, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23 қаңтардан бастап елімізге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырды.
"1 шілдеде заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылды, осы кезеңде 196 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды". Шұғыла Тұрлыбек
Сондай-ақ, ІІМ-нің ресми өкілі 1 шілдеге дейін өтініш берген азаматтардың барлығына көлігі заңдастыру талаптарына сай болса, көрсетілген мерзімнен кейін көлігін заңдастыру құқығы берілетінін де атап өтті.
Ал Алматы қаласының полиция департаменті 22 маусым кұні заңдастырудан өтпеген көліктерді 5 жылға уақытша тіркеуге қоюға болатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript