Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысының тұрғыны балаларын 2 миллион теңгеге сатып жіберген

Жетісу облысы, бала саудасы, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 12:50 Сурет: unsplash
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте Жетісу облысында полицейлер екі баласын 2 миллион теңгеге сатып жіберген әйелді ұстағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ІІМ ресми өкілінің айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті кезекті "STOP трафик" кең ауқымды операциясын жүргізген.  Соның аясында республика бойынша адам саудасына қатысты 30 қылмыс анықталған. Үш оқиға кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты. Бір факті Жетісу өңірінде тіркелді: әйел өз балаларын сатып жіберген.

"Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала сатқаны үшін 23 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Әйел 2022 және 2023 жылы туған екі баласын делдалдар арқылы сатып жібергені анықталды. Бірінші факті 2022 жылдың қазан айында, екінші факті 2023 жылдың тамыз айында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы 1 млн теңге болған. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тіркелді". Шұғыла Тұрлыбек

Сонымен қатар еңбекті қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айырудың үш фактісі, адам саудасының екі, адам ағзаларын сатудың екі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың үш фактісі анықталды, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала тартылған. 

Мәселен, Маңғыстау облысының тұрғыны Өзбекстанның 44 жастағы азаматын бірнеше жыл бойы алдап, құжаттарын алып қойып, жұмысқа салған. Ер адам мал бағуға, шаруашылық және қосалқы жұмыстар істеуге мәжбүр болды. Қыстайтын жер ең жақын елді мекеннен 90 шақырым жерде орналасқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай Түркістан облысында тіркелді. Мұнда Өзбекстанның 53 жастағы азаматын бес жылдан астам заңсыз ұстаған екі шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Оның төлқұжатын тартып алып, мал бағуға мәжбүрлеген. Қазір Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: