Израиль әскері қарулы топтарға қарсы рейд жүргізді

Израиль әскері қарулы топтарға қарсы рейд жүргізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 15:32 Сурет: wikimedia
Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин босқындар лагеріне рейд жүргізуге кірісті.

Палестиналықтардың сөзінше, қалада қазір зымыран атылып, қарулы шайқас жүріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 3 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Израиль "Дженин батальонына" кіретін "Хамас", "Ислам жиһады", "Фатх" тәрізді топтардың қару-жарақ қоймалары мен басқару орталығын жою үшін әскери операцияны бастаған.

Палестиналық содырлар болса, Израиль оккупациясын тоқтату үшін соңғы демі мен оғы қалғанша соғысатындарын ескертіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: