Жаңалықтар тізбегі
0

Азия дауысы: музыкалық фестиваль қайта жанданды

Азия дауысы: музыкалық фестиваль қайта жанданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 18:00 Сурет: Zakon.kz
Талантты жастарды танытқан «Азия дауысы» байқауы жанданды. Орталық Азиядағы ең беделді музыкалық фестиваль 20 жылдық үзілістен кейін қайта өткізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу мұз айдыны кешенінде жобаның ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Сахнада эстрада жұлдыздары мен "Жас қанат" байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті, деп жазады Almaty.tv.

Еске салсақ, фестиваль ең алғаш 1990 жылы басталып, 2004 жылға дейін дәстүрлі түрде өткізіліп келген еді. Енді талай талантты әлемге танытқан байрақты бәсеке қайта жалғаспақ.

"Азия дауысы елімізде алғаш өткізілген кезде мен журналистика саласындағы мансабымды енді бастап жатқанмын. Сол кезде осы жобаның редакторы болдым. Енді міне, көрерменің ыстық ықыласына бөленген жобаны қайтадан қолға алып жатырмыз. Биыл ашылу салтанатын өткіземіз. Ал келер жылдан бастап әлем елдерінен қатысушыларды іріктеп, жоба жасаймыз", – деді фестиваль продюсері Арманжан Байтасов.

Айта кетейік, 1990 жылы да "Азия дауысы" байқауы Медеу мұз айдыны кешенінде өткен еді. Оған әлемнің 15 елінен өнерпаздар келіп, өзара бақ сынаған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, алдағы уақытта қайта жанданған жобаның ауқымы мен мазмұны кеңеймек.

"Жас қанатты" жеңген адам "Азия дауысында" Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Соны естіген кезде өте қатты қуандым. "Азия дауысы" қайтадан жаңғырып жатыр. Осы байқауға қатысып, еліміздің туын желбіретуге дайынмын", – деді "Жас қанат-2023" байқауының жеңімпазы Ерназар Жұбан.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: