Жапонияда АЭС-тің улы суы мұхитқа төгіледі
Сурет: unsplash
Жапонияның 2011 жылы алапат цунамиден қираған Фукусима атом электр станциясының суы мұхитқа төгілетін болды. Токиоға мұндай рұқсатты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік беріп отыр.
МАГАТЭ-нің мәлімдеуінше, Жапонияның бұл жоспары халықаралық талапқа сай жүзеге асырылады және станция суынан адамдар мен қоршаған ортаға радиологиялық әсер мардымсыз болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Алайда, көршілес Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань Жапонияның бұл әрекетіне сенімсіздік блдіріп, одан теңіз ластанады деп қауіптеніп отыр.
Төгілетін су апаттан жарылған АЭС-тің реакторларын салқындату үшін қолданылған. Ядролық кешенді 500 олимпиалалық стадионды толтыра алатын улы судан тазартуға ондаған жыл кетуі ықтимал.
"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік судың төгілу процесінің жоспарға сай жүзеге асуын қадағалайды. Бұл іске алдағы ондаған жылдар бойы мониторинг жүргізіп, баға беріп отыруға дайынбыз. Рафаэль Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript