Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмысын тексерді

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты, ҚР үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 14:47 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру үшін Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Онда 3 шілде күні №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтатылған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің 5 шілде күні таратқан мәліметінше, комбинатты аралау барысында Әлихан Смайылов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен "МАЭК" ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиевтің ЖЭС-тегі қазіргі ахуал туралы, сондай-ақ болған апаттың салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқаны айтылды, 7 шілдеде энергия блогын толық жұмыс режиміне шығару жоспарланып отыр.

Премьер-министр МАЭК-тің энергетикалық жабдықтарының тозуынан жабдықтар жиі істен шығып, апатты жағдайларға әкелетінін атап өтті. 3 шілдеде №1 энергоблоктың тоқтап қалуы салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстарындағы нысандар жарықсыз қалды.

Сурет: primeminister.kz

"Үкімет энергетикалық жабдықтарды жаңғырту үшін 4,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын арттырады. Әкімдік барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын тез арада қалпына келтіруі қажет", – деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов 4 шілде күні МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат бойынша қорытындыны бір апта ішінде дайындауды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: