Еліміздің батысында ауа ластануы деңгейі жоғарылайды

Еліміздің батысында ауа ластануы деңгейі жоғарылайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2023 09:34 Сурет: Zakon.kz
Бейсенбі, 6 шілдеде синоптиктер Қазақстанның батысындағы екі қалада атмосферадағы зиянды заттардың деңгейі жоғарылайды деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидрометтің ауа райы болжамына сәйкес, 6 шілдеде Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Мұндай ауа-райында дәрігерлер әсіресе денсаулығында проблемалары бар адамдарға белгілі бір ережелерді сақтауды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: