Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстауға көмектескен жасөспірімдер марапатталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 16:35 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облыстық ПД бастығы шағын аудандардың біріндегі дүкенде сатушыны қорқытып, кассадағы ақшаны жымқырып кеткен күдіктіні ұстауға көмектескен жасөспірімдерді марапаттады.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин батыл әрекеттері мен ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілде күні кешке "102" пультіне ер адамны шағын аудандардың біріндегі дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан 35 мың теңге ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Күдікті дүкеннен шыққан бойда сатушы айқайлай бастады.

Дүкеннің жанында төрт жасөспірім болды. Олар көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, күдіктінің соңынан жүгірді. Осы уақытта сатушы полиция шақырды. 8-сыныптың екі оқушысы мен 6-сыныптың екі оқушысы қашып бара жатқан адамды телефонға түсіріп алып, оның пышақ лақтырғанын көрген. Кейіннен жасөспірімдердің айғақтары заттай дәлел табуға көмектесті.

"Біз қарақшы жүгірген жақта полицияның учаскелік пункті бар екенін білдік. Сондықтан да көмек жақын арада келетініне сенімді болдық", – деді күдіктінің артынан қуған жасөспірімдердің бірі.

Осылайша, күдіктіні ұстаған учаскелік полиция инспекторы Сәбит Әбішев пен учаскелік полиция көмекшісі Ренат Изабеков шақыруға дереу келді. Ұрланған ақша тәркіленіп, көп ұзамай қылмыс құралы да табылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин ата-аналардың перзенттеріне патриотизм мен өзгенің бақытсыздығына бей-жай қарамау сезімін ұялата алғандарын атап өтіп, алғыс айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: