Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда ауызсу кестемен беріліп жатыр

Теміртауда ауызсу кестемен беріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 14:37 Сурет: pixabay
Теміртау қаласында ауызсу кестемен беріле бастады. Тіршілік нәрі Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Қарағанды арқылы келетін құбырмен беріледі.

Бұл су торабы әбден шіріп-тозған. Онымен қажетті мөлшерде су жіберу мүмкін болмай отыр. Қазір құрышты қалада су кесте бойынша таңғы сағат 6:00-ден 10;00-ге дейін және кешкі 18:00-ден 23:00-ге дейін беріліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы ұзындығы 27 шақырым құбырдың биыл 5 шақырымы ауыстырылады. Су станциясы мен қалаішілік біраз құбырлар жөнделген. Биыл да Теміртауда жылу тораптарына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұған қоса кешелі бері өңірде күн 35-36 градусқа дейін ыстық болған соң, суға да сұраныс көбейді. Резервуарларды уақытылы толтырып алу мүмкін болмай отыр дейді мамандар.

"Ең басты құбырымыз бар. Оған 1970 жылдан бері жөндеу жасалмаған. Сондықтан үлкен тозуға байланысты бұл құбырмен біз суды толыққанды бере алмай отырмыз. Бүгінгі күні жалпы 7 атмосфераға дейін қысымын көтеруге болады. Бірақ бүгінгі тозуға байланысты небәрі 5,5-6 атмосфераға дейін ғана көтеріп отырмыз. Егер одан артық қысым беретін болсақ ол құбыр бізде шыдамайды." Ринат Қадырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: