Жаңалықтар тізбегі
0

"Жұбатарға сөз жоқ!". Бүкіл Қазақстанды жылатқан спортшының жүрекжарды сұқбаты

Еркебұлан Шыналиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 20:54 Сурет: видеодан алынды
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері және Чикагодағы Әлем чемпионатының да "қоласын" еншілеген Еркебұлан Шыналиевтің ащы әрі ауыр сұқбаты жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан боксшысы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұқбат беріп, басындағы жағдайды қаз-қалпында баяндап берді. Өз сұқбатында ол алданып келе жатқанын, барлық бояма дүниеден шаршағынын айтады. Мәселен, Олимпиададағы жеңісі үшін қолына кілті табысталған Шымкенттегі пәтерді ол сол күйі ала алмапты.

"Олимпиада жүлдегері болдым. 2008 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының жыл спортшысы атандым. Сөйтіп спорт басқармасы арнайы іс-шара өткізіп, маған екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Үш-төрт телеарна оны баршаға көрсетті. "Нұрсат" мөлтек ауданына апарып: "Мынау сенің үйің болады, қазір кәріз жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сәл күт" деп үйді де көрсетті. Бірақ мұның барлығы көзбояушылық болып шықты. Содан екі ай өткен соң мені шақырып алып, қолыма 1,5 млн теңге ұстатты. "Осыған пәтер ал", - деді. Ал ол кезде бір бөлмелі пәтердің өзі 7-8 млн теңге тұратын.  Не істеймін, жоқтан бар деп алдым әлгіні", - дейді спортшы.

Ол 10 жыл бойы Шымкент қаласындағы барлық ауданда пәтер жалдап тұрғанын айтады. Пәтер жағалаудан әбден шаршаған ол отбасымен бірге ақырында әке-шешесінің үйіне көшіп барыпты. Онда інісі де отбасымен тұрады екен.

Сондай-ақ ол қазіргі чемпиондар секілді көлік түгілі велосипед мінбегенін де айтады.

13 жыл бойы спорт саласы басшылары Еркебұланға әне-міне жұмыс береміз деп алдаусыратып, уақытты созбалап келеді екен.

"Бізде мынандай көп жағдай бар. Адамның ойын өзгертіп тастау деген. Өзім солай ойлаймын. Әйтпесе алдына барсам, барлығы "жұмыс болады, сәл күт, саспа", - дейді. Бірақ, қанша жыл болды, жұмыс жоқ. Нешетүрлі спорт мектептері ашылып жатыр. Ал басқарып отырғандар аға-көкесі бар жәй біреулер. Спортқа қатысты біз секілді адамдар болса, барлығын жақсылап жасайтын едік", - дейді ол зор өкінішпен.

Сөйткен ол өзінің маңдай термен тапқан медальдарын мұқтаж отбасыға апарып береді.

"Не істеймін темір-терсекті. Босқа жатыр. Ең құрымағанда біреуге пайдасы тисін. Мүмкін жақсы ақшаға қалталылар сатып алар оны", - дейді ол.

Сұқбат барысында ит өмірден шаршаған спортшы ернін тістелеп, жылап та қалады. 

Желіде видео астына пікір қалдырғандар спортшымен бірге жылағанын, оны жұбатарға сөз таппай отырғандарын жазыпты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: