Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді

ҚР ҰОК, Жеңіс Ысқабай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 18:21 ҚР ҰОК, Жеңіс Ысқабай
Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді. Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті. Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзірбайжан өкілі жартылай финалға шықты.

Айта кетерлігі, Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: