Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны бейнебақылау камералары арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен адамды анықтаған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 00:23 Сурет: polisia.kz
Астана тұрғыны бейнебақылау камералары арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен адамды анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз адам пәтерден 65 мың теңге ұрлаған сәтте, пәтер иесі үйде болғаны белгілі болды.

Таңға қарай үйіне оралған жас жігіт, есігін құлыптамай ұйықтап кеткен. Ашық қалған пәтерлерді аңдып жүріп, жас жігіттің пәтеріне тап болған күдікті, пәтерге кіріп, оның қонақ бөлмесінен ақшасы бар барсеткасын тінтіп, оның ішінен ақшаны қолды еткен.

Есіктердің тұтқаларын тарту арқылы ол пәтердің құлыпталмаған есігіне тап болып, ары қарай, пәтердің ішіне кірді. Қонақ бөлмесінде ақшасы бар барсетканы көріп, күдікті барсетканың ішінде тұрған ақшаны алып кеткен. Қабатта орнатылған бейнебақылау камерасынан қараған пәтер тұрғыны, өзінің пәтерінен бөтен жігіттің шыққаның байқап, дереу полицияға хабарласқан.


Алматы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізі кезінде осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет істі болған 26 жастағы елорданың тұрғынын анықтады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады. Кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау, пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: