Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында дәмхананың есігін темірмен бұзып, ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2024 17:23 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында дәмханаға ұрлыққа түскен тұрғын "ізін суытпай" ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық қылмысы бойынша шағым түсірді. Ер адам арызында түнгі уақытта белгісіз біреу оның дәмханасына заңсыз кіріп, ішінен қажетті мүліктерді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 600 мың теңгеден астам.

Оқиға орнына жеткен аудандық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараны жасады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 43 жастағы күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, ол бұрын сотты болған жұмыссыз тұрғын екені белгілі болды. Тергеу барысында күдікті ер адам түнгі уақытта дәмхананың есігін темірмен бұзып, ішіндегі теледидар, шаңсорғыш және бағалы заттарды жымқырып, үйіне тығып қойған. Осылайша, қолды қылған мүліктерді сатып жібермек болған. Алайда ол ойы жүзеге аспады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен ұрланған мүліктерді тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: