Алматы әкімдігі жаңа жылу маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты
Қала басшысы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының жұмысымен және кәсіпорынның бас диспетчерлік пунктімен танысты.
Аралау барысында қала әкімі Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі нысандарының ауқымын кеңейту және диспетчерлеуді жаңғырту қаланың тұрғын үй қорының дайындығы бойынша жағдаймен танысты. Энергетика және сумен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары мен "Алматы жылу желілері" ЖШС, "АлматыТеплоКоммунЭнерго" ЖШС, "Алматы Су" МКК, "Алматы электр станциялары" АҚ, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ басшылары Алматының коммуналдық кәсіпорындары жүргізетін жөндеу және дайындық жұмыстарының аралық қорытындысы туралы баяндады.
Энергия кешені мен инженерлік желілердің 2023 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша қысқы туралы тапсырма берді.
Бұдан кейін қала әкімі тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, әлеуметтік нысандар мен жылыту кезеңіне дайындығы кесте бойынша жүріп жатыр, қазір 55,3%-ға дайын. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Жұмыстың негізгі бөлігі биыл 20 тамызға дейін аяқталады.
Атап айтқанда, жылу желілерінің дайындығы 65%-ға жетті. Жылу көздері, сумен жабдықтау желілері және электр желілерінің дайындығы 50%-дан асты. Көмір мен мазут қорларын жинақтау да жоспар бойынша жүріп жатыр, "АлЭС" АҚ нысандарында 97% көмір (166 мың тоннаның 160,3-і) және 55% мазут (16 мың тоннаның 8,9-ы), "АЖКЭ" ЖШС – 26,4% көмір (120 тоннаның 31,7-і) және 90% мазут (8,7 мың тоннаның 7,9-ы) дайындалды.
Ерболат Досаев тұрғын үйлердің күзгі-қысқы кезеңіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударып, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына және аудан әкімдеріне осы жұмысты бақылау бойынша нақты тапсырмалар берді, сонымен бірге қаланың қыс мезгіліне, оның ішінде қаланың барлық әлеуметтік нысанының дайындығы мәселесін бақылауда ұстауды жалғастыратынын атады.